ШҚО-да жол бойындағы дәретханаларды орнату мәселесін жүйелі түрде шешуге ниетті
ШҚО-да үлгілі жоба бойынша орындалған жол бойындағы санитарлық тораптарды салу жоспарлануда деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтың айтуынша, өңірде жол бойындағы дәретханаларға қызмет көрсету бойыншапроблемалар бар.
— Жол бойында қызмет көрсететін көптеген кафе иелері мұны істегісі келмейді. Мемлекет өз ақшасына жылы дәретханалар сала алады, бірақ оларды ешкім қарауына алғысы келмейді, — деп түсіндірді шенеунік. — Осыған байланысты кейбір нысандар тіпті жабық күйінде тұр.
Ол облыс басшысының тапсырмасы бойынша әр аудан әкімі өз ауданында екі жылы дәретхана орнатуы керек екенін айтты. Ол үшін ШҚО-да арнайы үлгілік жоба әзірленуде.
Мысалы, "Кэмонт" АҚ өте берік және қызмет көрсетуі оңай металдан жасалған санитарлық тораптарды жобалаған екен.
— Керамика мен ағаш бөліктері аз болуы керек, дәретханалар мықты, вандалға төзімді болуы керек, — деді Нұржан Сайлаубекұлы. — Біз әртүрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз.
Дегенмен билік санитарлық тораптардың бюджеттік нұсқаларын қарастырмайды.
— Бұл туристер үшін өте өзектә мәселе. Тек бізде ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша. Қазір бұған көбірек назар аударыла бастады. Бұл мәселе бойынша біз басқа облыстардан кейін қалмаймыз деп үміттенемін, — деп қосты шенеунік.

