«Samruk-Kazyna Trust»-тың игі бастамасы: Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері жұмысшы мамандықтарын меңгеруде

17 апреля 2025, 8:29
Сейчас читают:
«Samruk-Kazyna Trust»-тың игі бастамасы: Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері жұмысшы мамандықтарын меңгеруде «Samruk-Kazyna Trust»-тың игі бастамасы: Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері жұмысшы мамандықтарын меңгеруде
«Samruk-Kazyna Trust»-тың игі бастамасы: Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері жұмысшы мамандықтарын меңгеруде

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерге қолдау көрсету мақсатында бір ай бұрын «Samruk Umiti» атты қайырымдылық жобасы іске қосылды. Бұл бастама жастардың өмірлік жолын табуына, болашақ кәсібін саналы түрде таңдауға жол ашуда.

Жобаға Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан 100 жасөспірім қатысып жатыр - бұл балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін кәсіби бағдар мәселесі аса өзекті өңірлер. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Өскемен қаласындағы «Үміт» орталығы мен отбасылық үлгідегі балалар ауылынан 50-ге тарта бала қамтылып отыр.

Әрбір қатысушыға жеке куратор бекітілген. Олар баланың қабілетін анықтап, қызығушылықтарына сай мамандық таңдауына бағыт-бағдар беруге көмектеседі. Бағдарламада электромонтер, слесарь, байланыс операторы, электровоз машинисі сынды еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық мамандықтармен танысу мүмкіндігі қарастырылған. Жасөспірімдер колледждер мен кәсіпорындарды аралап, таңдаған кәсібінің нақты өмірде қалай жүзеге асатынын көзбен көре алады.

Бұған қоса, қатысушылар үшін қаржылық сауаттылық, жеке ресурстарды тиімді басқару және өзіндік сенімділікті арттыруға бағытталған курстар ұйымдастырылған. Бұл - олардың дербес әрі жауапты өмірге дайындығын нығайтудың маңызды бөлігі. Мысалы, қаржылық сауаттылық сабағында жастар апталық бюджетке сай келетіндей тапсырмаларды, нақты айтқанда супермаркетте азық-түлікті сатып алуды жоспарлау арқылы орындайды.

«Біз бұл балалар тек білім алып қана қоймай, алдарында жарқын болашақ бар екенін сезінсе дейміз. Олар өз таңдауларын саналы түрде жасап, армандарына сенімді түрде қадам бассын деген ниеттеміз», — деді «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.

Бағдарлама соңында қатысушыларға «Самрук-Қазына» қорының қарамағындағы кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға көмектесу жоспарланған. Аталған жобаны компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы - «Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қоры тарапынан жүзеге асырып жатыр.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте