Кейбір дарынды жас шығысқазақстандықтар жазды тиімді өткізеді
ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева балалар мен жасөспірімдер туризмі саласындағы жаңа бастаманың басталғаны туралы хабарлады.
— Өңірде алғаш рет оқушыларды Шығыс Қазақстан облысының мәдени-тарихи мұрасымен таныстыру мақсатында "Киелі Шығыс" жобасын ұйымдастыру жоспарлануда, — деп атап өтті Иннеса Александровна облыс әкімдігінің отырысында. — Екі жүз оқушы демалысты оқу-танымдық турлармен ұштастырады. Олар "Берел қорғандары" ашық аспан астындағы мұражайға барады, Қиын-Керіш трактінің жартастағы суреттерін зерттейді, сонымен қатар ұлттық табиғи саябақтар мен қорықтарды аралайды. Оқу-танымдық турлар бағдарламасына туризм негіздері, туған өлкенің дәстүрлерін, тарихы мен мұрасын зерделеу бойынша экскурсиялар, шеберлік-сыныптары және оқу-тәжірибелік сабақтар енгізілген.
Басқармадағылар түсіндіргендей, қазіргі уақытта жобаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 19,8 миллион теңге бөлінген, ал оқушылар арасында іріктеу байқауы өтуде.