ШҚО-да «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды

14 часов назад
Сейчас читают:
ШҚО-да «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды ШҚО-да «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды
ШҚО-да «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды

Өрт қауіпті маусым басталғалы облыс аумағында жалпы өртенген ауданы 181,1 гектар құрайтын 4 орман өрті тіркелді. Алда құрғақ жаз күтіп тұр, сондықтан өрт сөндіру дағдыларын алдын ала пысықтап, дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Оқу-жаттығулардың алғашқы күнінде ШҚО ТЖД-нің Жедел басқару орталығында штаб құрылды. Аймақта хабарландыру жүйесі – теле және радиоарналарды басып алу арқылы тексерілді. Оперативтік топ басшылары мен қызмет жетекшілерінің есептері тыңдалды.

«Штабтық жаттығу облыстың азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайын күйге келтіруге, басқару, жағдай туралы деректерді жинау, қорыту және талдау, сондай-ақ табиғи өрттерді жою және құтқару мен өзге де шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде өзара іс-қимыл мәселелерін шешуге бағытталған», – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.

Өрт қауіпті кезеңге ШҚО ТЖД-де 1589 қызметкер мен 306 техника бірлігі бар. Сондай-ақ, өрт қаупі жоғары маусымда жағдайды бақылау үшін пайдаланылатын 12 ұшқышсыз ұшу аппараты бар.

Қазіргі уақытта ШҚО-да алдын алу рейдтерін жүргізіп, ықтимал өрттердің алдын алуға бағытталған арнайы мобильдік топтар жұмыс атқаруда.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте