Автожол саласы қызметкерлерінің күні қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі

8 часов назад
Сейчас читают:
Автожол саласы қызметкерлерінің күні қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі Автожол саласы қызметкерлерінің күні қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі
Автожол саласы қызметкерлерінің күні қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі

Шығыс Қазақстан облысы еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосып келеді. Жолшылардың еңбегімен Бұқтырма су қоймасы арқылы ең күрделі және ұзын көпір салу, "Қалбатау – Майқапшағай", "Омбы – Майқапшағай" автожолдарын реконструкциялау және ондаған көпірлерді жаңарту жобалары өңірдің тұрақты дамуының символына айналды. Жыл сайын 500 шақырымнан астам жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ел экономикасының келешегін айқындайтын жолдарды дамыту жобалары әзірленуде. 

Мереке аясында үздік қызметкерлер облыс әкімі мен ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Марапат иегерлері қатарында өңір жолдарының инфрақұрылымын дамыту мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосқан мердігер және қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдері бар.

Бұл мереке өз еңбегімен мыңдаған тұрғынның жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген жандарға деген ризашылық пен құрметтің белгісіне айналды.

Барша сала мамандарын мерекемен құттықтап, сәтті жолдар мен жаңа жетістіктер тілейміз!

 

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте