Қазақстанда мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған «Qarzhy Sagshysy» білім беру компьютерлік ойыны іске қосылды

4 часа назад
Сейчас читают:
Қазақстанда мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған «Qarzhy Sagshysy» білім беру компьютерлік ойыны іске қосылды Қазақстанда мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған «Qarzhy Sagshysy» білім беру компьютерлік ойыны іске қосылды
Қазақстанда мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған «Qarzhy Sagshysy» білім беру компьютерлік ойыны іске қосылды

2025 жылғы 1 желтоқсанда еліміздің барлық өңірлерінде «Заң және тәртіп» нарративі аясында жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығын арттыруға және заманауи қаржылық алаяқтық схемалары туралы хабардарлығын күшейтуге бағытталған «Qarzhy Sagshysy» білім беру компьютерлік ойыны басталды.

Ойын 2025 жылғы 1–15 желтоқсан аралығында мектептер мен колледждерде өткізіліп, 10–11 сынып оқушылары мен колледж студенттерін қамтиды. Қатысушылар интерактивті форматта қаржы пирамидалары, дропперлік, әлеуметтік инженерия сияқты кең таралған алаяқтық түрлері туралы біле алады, сондай-ақ цифрлық гигиенаның негіздерін меңгереді.

Жобаны AML Academy-сы және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі  ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен әзірлеген.

Іс-шара қорытындысы бойынша аудандық деңгейдегі жүлдегерлер, сондай-ақ облыстық және республикалық кезеңдердің жеңімпаздары анықталады. 2025 жылғы 22–31 желтоқсан аралығында ең жоғары нәтижеге қол жеткізген оқушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығын дамыту — алаяқтықтың алдын алудың және жастардың цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудың маңызды бөлігі.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте