Шалғайдағы Шанағатыға интернет жетті: тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды

3 часа назад
Сейчас читают:
Шалғайдағы Шанағатыға интернет жетті: тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды Шалғайдағы Шанағатыға интернет жетті: тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды
Шалғайдағы Шанағатыға интернет жетті: тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды

Шығыс Қазақстан облысының ең қиырындағы ауылдардың бірі — Шанағаты үшін биыл ерекше жаңалыққа толы жыл болды. Бірнеше ай бұрын өңірдің бұрынғы әкімі Ермек Көшербев Қазақстандағы ең суық нүктелердің біріне арнайы барып, ауыл жұртымен кездесіп, олардың сұраныс-тілектерін тыңдаған еді. Сол кездегі мәселелер назардан тыс қалмай, қазіргі облыс әкімі Нұрымбет Аманұлының қолдауымен ауылға көптен күткен интернет тартылады.

Марқакөл ауданындағы ең шалғай елді мекендердің бірі саналатын Шанағатыда осы кезге дейін мектептің ішкі Wi-Fi-ын есептемегенде, тұрақты интернет желісі болмаған. Қазір бұл ауылда 17 отбасы тұрады. Солардың 13-і «Starlink» жүйесіне қосылды, ал қалған үйлерге тегін free Wi-Fi орнатылды.

Ауыл тұрғындары әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбасында қуаныштарымен бөлісті:

— Шалғайдағы ауылымызда интернетке қол жеткізіп отырмыз. Бұрын қажетті шаруаны тындыру үшін мектепке немесе көрші ауылға баруға тура келетін. Енді бәрін өз үйімізден-ақ шеше аламыз. Барша тұрғындар атынан бұл істі жүзеге асырған облыс әкімі Н.Сақтағановқа және жергілікті әкімдікке алғыс айтамыз, — дейді олар.

Интернеттің келуі — тек байланыс орнату ғана емес, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына жасалған маңызды қадам. Бұл шалғай өңірдің тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр: қашықтан білім алу, онлайн жұмысқа орналасу, медициналық кеңес алу, мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай пайдалану, цифрландыру игілігіне толық қол жеткізу.

Ғаламтордың келуі — жырақта жатқан Шанағаты үшін зор серпіліс. Тұрғындар үшін бұл күнделікті өмір сапасының айтарлықтай жақсаруы, ал ауылдың өзі үшін жаңа дамудың бастамасы болмақ.

Шалғай ауылға жаңа игіліктің жетуі — тек технологиялық жаңару ғана емес, ең бастысы, өңірге деген қамқорлықтың айқын көрінісі. Шанағаты тұрғындарын осы қуанышты жаңалықпен құттықтаймыз!

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится
Комментарии

Также читайте