Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі
Мемлекеттік органдарының жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылының маңызды құралдарының бірі – жолданымдар. Бұл жеке және заңды тұлғалардың өз құқығын, бостандығы мен заңды мүддесін қорғаудың маңызды институттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) мен «е-Otinish»-ті енгізу бұл бағытта тиімді механизм құруға көмектесті.
Кез-келген азамат «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға өз мәселесі бойынша онлайн-форматта жүгінуге, өз жолданымын қаралу рәсімі, мерзімін және орындаушы қызметкермен байланысып, бақылап отыруға мүмкіндігі бар.
«e-Otinish»-тің қолайлылығы, тиімділігі және ашықтығы азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін арттыруға және мемлекеттік ақпаратты бюрократизациялаудан бас тартуға көмектеседі.
Оның тиімділгі тіркелген жолданымдар санының өсімін көрсетеді.
ШҚО бойынша мемлекеттік органдарға 2025 жылы 11 айында 104 358 (2024 жылы 86 887) жолданым түскен, яғни 2024 жылдың 11 айымен салыстырғанда 16,7% өскен.
Кодекс бойынша берілген жолданымдар міндетті түрде қабылданып, тіркеліп, есепке алынып, қаралуы тиіс. Жолданымды қабылдаудан бас тартуға болмайды.
Егер жолданым мемлекеттік органға қағаз жүзінде берілсе, жолданым берушіге күні, уақыты, қабылдаған адамның аты-жөні мен лауазымы, сондай-ақ бірегей нөмірі бар талон беріледі.
Жолданымды (арыз, сұрау салу, ұсыныс, хабар, үн қосу) қарау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Егер жолданымда көрсетілген мәселелерді дұрыс әрі толық қарау үшін қосымша ақпарат пен уақыт қажет болған жағдайда, мерзімін 2 айға дейін ұзартылуы мүмкін, бірақ жолданым берушіге 3 жұмыс күн ішінде хабар берілуі тиіс.
Ал шағымдарды қарау мерзімі 20 жұмыс күнін құрайды, мерзімі ұзартылмайды.
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің ШҚО бойынша Департаменті өтініштерді талдау және бақылау бөлімі


