ШҚО-да екінші рет «Аяз Ата Ақшақар» республикалық фестивалі өтеді
Келесі жұмада, 19 желтоқсанда Риддер жаңа жылдық сиқырдың орталығына айналмақ. Қалада «Аяз Ата Ақшақар» ұлттық фестивалі – Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жаңа жылдың басты кейпікерлерінің шеруі өтеді. Бұл шара аймақ үшін брендке айналып үлгерді.
Жаңа жылдық мерекелердің басталғаны туралы қуанышты хабар бүкіл елге таралатын бастапқы нүкте ретінде Риддер биыл екінші рет таңдалып отыр. Мұндай таңдаудың не себепті жасалғаны түсінікті: жан-жағынан қарлы тау мен орманмен қоршалған қала қысқы ертегі атмосферасы үшін таптырмас орын.
— Өткен жылы да осындай шараны өткізген болатынбыз, — деді қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Қанат Оралбек. — Оған қатысу үшін еліміздің көптеген облыстарынан 150-ге жуық ертегі кейіпкерлері осында жиналды. Олардың арасында Аяз Ата мен Ақшақар ғана емес, сонымен қатар Санта-Клаус, лапландиялық эльфтер, тіпті қытайлық Шо Хин де болды. Сол кезде мерекелік шаралар Лесное ауылындағы стадионда бастау алған болатын, оның бір кемшілігі – қала тұрғындарының көпшілігі бұл керемет көріністі тамашалай алмады. Сондықтан биыл мерекенің форматын өзгертіп, оны Риддердің бас алаңында өткізу туралы шешім қабылданды.
19 желтоқсанда орталық алаңда Аяз Аталар шеруі ғана емес, сонымен бірге тақырыптық қысқы байқаулар өтеді, олардың қорытындысы бойынша қатысушылар арасында ерекше көзге түскен ертегі кейіпкерлері таңдалып алынады. Бағдарламаны ауқымды мерекелік концерт толықтырмақ.
Сценарий бойынша күннің екінші жартысында орталық алаңда жаңа жылдық шырша жағылады. Осыдан кейін фестиваль қонақтары Қазақстанның басқа қалаларына барып, еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа жылдық іс-шаралар өткізуді бастайды.


