1300-ден астам риддерліктер сенбілікке шықты

5 часов назад
Сейчас читают:
1300-ден астам риддерліктер сенбілікке шықты 1300-ден астам риддерліктер сенбілікке шықты
1300-ден астам риддерліктер сенбілікке шықты

Бүгін Риддер қаласында ауқымды қалалық сенбілік өтіп, оған1300-нан астам тұрғын қатысып, 5 тоннадан астам қоқыс жиналды, деп хабарлайды Noks.kz.

Сенбілік барысында ерекше әсерлі сәт орын алды: тазалық жасап жүрген еріктілерге алдынан әжей бауырсақ алып шығып, бәріне таратты. Ол «қаланы дамытуға осылай болсын үлес қостым» деп ризашылығын білдірді. Бұл жылы оқиға қатысушылардың көңілін көтеріп, қаланың ең үлкен күші – бір-бірін қолдайтын адамдар екендігін тағы бір дәлелдеді.

Қала жастар да белсенді түрде атсалысып, жұмыстың көңілді өтуі үшін «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырды. Сондай-ақ қаланың футболшылары да шет қалмай, алдымен футбол алаңын тазалап, кейін достық матч өткізді. Бүгінгі сенбілік туған қаланы таза, мейірімді әрі бірлікті етуге бәріміз бірге атсалысқанда ғана мүмкін екенін айқын көрсетті.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте