Алтай ауданында дамудың басты бағыттары туралы айтылды

3 часа назад
Сейчас читают:
Алтай ауданында дамудың басты бағыттары туралы айтылды Алтай ауданында дамудың басты бағыттары туралы айтылды
Алтай ауданында дамудың басты бағыттары туралы айтылды

Алтай ауданында маңызды әлеуметтік және экономикалық салалар қарқынды дамып келеді. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, өнеркәсіп саласында тау-кен өндірісі мен өңдеу бағыты негізгі орын алады. Мәселен, өткен жылы «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС өндірісті жаңғыртуға үш миллиард теңге инвестиция салған. Ал «Фаворит» ЖШС қиын жанатын фанера өндіретін желіні іске қосу жұмыстарын жүргізуде.

Форель өсіру де бизнестегі маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Серебрянск қаласында «Алтай форелі» ЖШС шабақ өсіруге арналған тұйық су айналымы жүйесі бар зауыт салуда. 2026 жылы өндіріс көлемі 75 тоннадан 150 тоннаға дейін жетеді деп жоспарлануда. Ал Ермаковка ауылында «Гранд Фиш» ЖШС форель өсіру бойынша қолданыстағы өндірісті кеңейтіп жатыр.

Сүтті мал шаруашылығы да басым бағыттардың қатарында. Аудандағы бес тауарлы-сүт фермасында 1031 сауын сиыр тіркелген. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында «Мойылды-Байқоңыр» ЖШС Полянское ауылында 1075 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын пайдалануға берді. Осы бағдарлама аясында ауданда жалпы саны 2543 ірі қараға арналған тағы бес шаруа қожалығы сүт фермаларын салуға дайын.

Әкімдікте пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатқаны да айтылды. 2025 жылы жоспарланған 4000 гектардың орнына 5765 гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылған.

Кәсіпкерлікті қолдау да аудан әкімдігі қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып отыр. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2025 жылы ұсынылған 19 бизнес-жобаның төртеуі 110 миллион теңгеге қаржыландырылды. Ал 2026 жылға жалпы сомасы 450 миллион теңгеден асатын 25 жоба дайындалған, оның үшеуі 81 миллион теңгеге қаржыландырылып үлгерді.

Цифрландыру да ауданның барлық саласына белсенді енгізілуде. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 92 пайызы онлайн форматта қолжетімді. Қағаз құжат айналымын азайту және жұмыс процестерін оңтайландыру үшін жергілікті атқарушы органдарда түрлі ақпараттық жүйелер мен бағдарламалар жұмыс істеп, жасанды интеллект элементтері енгізілуде.

Жылыту маусымына дайындық аясында ауданда жылумен қамту жүйесін жаңғырту және дамыту жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа жеті миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Жоспарға Жаңа Бұқтырма кентіндегі ішкі орамдық жылу желілерін қайта жаңарту, Алтай қаласындағы 16 орталық жылу пунктін реконструкциялау және Серебрянск қаласының жылу желілерін жаңарту кіреді.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету де негізгі міндеттердің қатарында. Қазіргі таңда ауданда тұрғын үй кезегінде 1359 адам тұр. 2026 жылы көпқабатты тұрғын үйлерді салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу жобаларын жүзеге асыру жоспарланған.

Жолдарды жаңарту да аудан әкімдігінің ерекше бақылауында. Жол-көлік инфрақұрылымын жөндеуге бес миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 67 жоба жүзеге асырылды, аудан бойынша 116 шақырым жол мен көше жөнделді. Биыл аудандық бюджеттен бұл мақсатқа 581,8 миллион теңге қарастырылған. Алтай және Серебрянск қалаларының, Средигорное, Чиркаин, Феклистовка, Никольское, Соловьево ауылдарының, Октябрьский мен Жаңа Бұқтырма кенттерінің көшелерін жөндеу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, аудан әкімдігі су құбыры желілерін қайта жаңартуды да жоспарлап отыр. Өткен жылы республикалық бюджеттен 300 миллион теңге бөлінсе, 2026 жылға 418 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылған. Аудандық бюджет есебінен сумен жабдықтау нысандарының желілері мен электр жабдықтарына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ кәріз станцияларына арналған сорғы агрегаттары 25 миллион теңгеден астам сомаға сатып алынды.

Бұдан бөлек, ауылдық елді мекендерді сенімді электрмен жабдықтау мәселелерін шешу үшін 2025 жылы 176 миллион теңгеден астам қаражат игерілсе, 2026 жылға 283 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.

Көше жарығын Полянское ауылында, Серебрянск қаласында және Алтай қаласының Бажов көшесінде орнату жоспарлануда. Ал Малеевск және Путинцево ауылдарында апатты электр бағаналарын ауыстыру және трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу көзделген.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте