ШҚО әкімі Күршім тұрғындарына 2030 жылға дейінгі аудан дамуы туралы айтып берді

32 минуты назад
Сейчас читают:
ШҚО әкімі Күршім тұрғындарына 2030 жылға дейінгі аудан дамуы туралы айтып берді ШҚО әкімі Күршім тұрғындарына 2030 жылға дейінгі аудан дамуы туралы айтып берді
ШҚО әкімі Күршім тұрғындарына 2030 жылға дейінгі аудан дамуы туралы айтып берді

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді.

Төменде жиында айтылған негізгі тезистер ұсынылып отыр. Күршім ауданын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары бекітілді. Ауданның одан әрі дамуының берік негізі – ауыл шаруашылығы, тау-кен  өнеркәсібі, шағын және орта бизнес, туризм.

Осы жылдың 7 айында аудандағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға ұлғайды. 700-ге жуық шаруа қожалығы жұмыс істейді. Мал шаруашылығы да дамып келеді. Жалпы сыйымдылығы 3,4 мың бас болатын 5 бордақылау алаңы жұмыс істеп, оның жүктемесі 200 басты құрайды. Ірі қара мал 45,4 мың басты, қой мен ешкі 106,6 мың басты, жылқы 27,8 мың басты құрайды. Жеті айда шаруашылықтардың барлық санаттарында 3,8 мың тонна ет немесе облыс көлемінің 4,4%-ы өндірілді.

Қосымша құн мен жаңа жұмыс орындары тікелей осы Күршім ауданында  құрылуы үшін «мал азығы базасы – мал шаруашылығы – қайта өңдеу – сатудың» бірыңғай тізбегі жұмыс істеуі керек. Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданының әкімі мен ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен бірлесе отырып, жергілікті шикізат көлемін, қайта өңдеу қуаттарының жүктемесін ұлғайту және өнімді өткізу арналарын кеңейту міндеттерін қойды.

Бүгінгі таңда Күршімде 180-ге жуық төсек-орынға арналған 6 туристік орналастыру объектісі тіркелген. Негізгі бағыттардың бірі – ол экологиялық және рекреациялық туризмді дамыту. Бұл үшін ауданның табиғи мүмкіндіктері мол: олар Қиын-Керіш шатқалы мен Шекелмес мүйісі, Бұқтырма су қоймасы мен Зайсан көлінің жағалаулары.

 Тиісті инфрақұрылымсыз туризмді дамыту мүмкін емес. Кәсіпкерлер туристік объектілерді құру және дамыту үшін меншікті  қаражаттарын салуда. Қиын-Керіш шатқалында туристік аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталды: демалыс үшін күркелер мен ақпараттық көрсеткіштер орнатылып, құрылған инфрақұрылым – облыстың бірегей табиғи объектілерінің біріне барудың жайлы әрі қауіпсіз болуына ықпалын тигізіп отыр.

ШҚО әкімі келушілер үшін қажетті туристік инфрақұрылым құрып, олардың демалысы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ете отырып, Қиын-Керіш шатқалының туристік аумағын одан әрі кешенді абаттандыру мен дамыту үшін инвестор тарту мәселесін пысықтауды тапсырды.

Күршім ауданының жол желісінің ұзындығы 433,3 шақырымды құрайды. Биыл ауданда 31 шақырым жол мен көшелерге орташа жөндеу жүргізіліп жатыр.
Күршім ауылында 115,2 шақырым су құбыры желілерін реконструкциялау бойынша ірі жоба қолға алынған. Жұмыстың негізгі көлемі орындалды, жобада көзделген 115,2 шақырым желінің 74,9 шақырымы немесе 65%-ы төселді.

Күршім ауылын негізгі жылумен жабдықтауды «Күршім» кәсіпорны қазандықтары қамтамасыз етеді.

Жылумен жабдықтаудың жекелеген учаскелерінің тозуына байланысты олардың сенімділігін арттыру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп келеді. №5 қазандықты реконструкциялау, №3 қазандыққа және ұзындығы 0,8 шақырым жылу желілеріне жөндеу жүргізілуде. Бұдан бөлек, №6 қазандықты және жылу желілерін реконструкциялау жобаларын іске асыру басталды.

Күршім ауданында «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін осы жылы 15 бірқабатты үй (30 пәтер) құрылысы жоспарланған. Нұрымбет Сақтағанов жыл соңына дейін тұрғын үйлер құрылысын аяқтап, ауданда тұрғын үй құрылысының көлемін одан әрі ұлғайту шараларын қабылдау қажеттігін атап өтті.

Күршім ауданында 21 елді мекеннің 19-ы немесе халықтың 97,3%-ы интернетпен қамтылған. Топтерек ауылында келесі жылы мемлекеттік мекемелерге интернет қосу талшықты-оптикалық байланыс желісін жеткізу арқылы «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жоспарланған. Ал Үшбұлақ ауылында антенна-мачталық құрылыс салынды, ол мемлекеттік тізілімде тіркеу кезеңінен өтуде. Осы рәсім аяқталғаннан кейін базалық станция жабдығын кейіннен орналастыру және орнату үшін ұялы байланыс операторымен жалға алу шартын жасасу көзделіп отыр.

Биылғы 1 маусымда Күршім ауылында 140 орындық жекеменшік балабақша ашылды. 2026 жылы оффтейк-келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Қыстау-Күршім ауылында 50 орындық оқу-әкімшілік орталығының құрылысы жалғасуда. 2 нысанға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Маралды орта мектебінің жылыту жүйесі жөнделуде.

Аудандық аурухананың инфрақұрылымын жаңарту жалғасып келеді. Екі лифтке және жеке ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілуде. Нұрымбет Сақтағанов аудан әкіміне және ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысына қажетті медициналық кадрларды тарту бойынша жұмыс жүргізу, Күршім ауылындағы аудандық аурухананы жөндеудің уақтылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету міндеттерін қойды.

Ауданда 27 мәдениет, 102 спорт нысаны жұмыс істейді, олар аудан тұрғындары үшін сұранысқа ие қоғамдық орындар болып қалуы тиіс. Бюджеттен тыс қаражат есебінен Құйған ауылында клуб салынып жатыр. Өткен жылы Күршім ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте