Глубокое ауданының тұрғындары мәслихат депутаттарын сайлауға қатысуда

11 часов назад
Сейчас читают:
Глубокое ауданының тұрғындары мәслихат депутаттарын сайлауға қатысуда Глубокое ауданының тұрғындары мәслихат депутаттарын сайлауға қатысуда
Глубокое ауданының тұрғындары мәслихат депутаттарын сайлауға қатысуда

Бүгін, 29 қараша күні бүкіл ел бойынша Глубокое ауданында да барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде.

Таңертеңнен бастап барлығы 13 округтік сайлау комиссиялары мен 41 сайлау учаскесінде сайлау комиссиялары өз жұмыстарына кірісіп, сайлау учаскелерінің ашылуын қамтамасыз етті. Бір сайлау учаскесі жабық түрде қызмет жасайды. Азаматтардың дауыс беруіне барлық қажетті жағдай жасалған.

Әрбір сайлаушы өз таңдауын дербес жасайды. Сайлауға қатысу – азаматтық құқықты жүзеге асыру ғана емес, сонымен қатар өз өңірінің болашағына деген жауапкершілікті сезіну.

Глубокое ауданының тұрғындары сайлу учаскелеріне баруда жоғары белсенділік танытуда.

Сайлауға тыл еңбеккерлері, байырғы тұрғындар мен ең жас алғашқы дауыс берушілер қатысуда.

Жасы ұлғайып, денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын және мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін үй жағдайында дауыс беру мүмкіндігі ұйымдастырылды. Сайлау комиссиясының өкілдері олардың шаңырағына барып, өз таңдауларын жасауына жағдай жасады.

Нравится
Смешно
Вау!
Печалька
Кошмарно
Не нравится

Также читайте