Ахметов айтқан сөзінде тұрды

1 ноября 2016, 3:55
Сейчас читают:
Ахметов айтқан сөзінде тұрды Ахметов айтқан сөзінде тұрды
Ахметов айтқан сөзінде тұрды
Фото Информационный центр ВКО

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов халыққа берген уәдесін орындап, қырық жыл бойы қыртысы қырналмаған Аягөз-Боғас бағытындағы тас жолды жөндетті.

Республикалық маңыздағы трассаның 78 шақырымы орташа жөндеуден өткізіліп, қазір бұл бағытта көліктер тоқтаусыз ағылып жатыр.

Жөндлген жолдың сапасын тексеру мақсатында облыс басшысы Даниал Ахметов Аягөзден Боғасқа дейінгі аралықты мәшинемен жүріп өтті. Атқарылған жұмысқа оң бағасын берген әкім бұл бағыттағы жолдың қалған бөлігі келесі жылы жөнделетінін, сондай-ақ, Өскемен-Қалбатау, Қалбатау-Аягөз секілді облыстағы өзге де автокөлік жолдарына алдағы жылдары тиісті жөндеу жүргізілетінін айтты.

Кеңес заманында төселген асфальттің тозығы жетіп, уақыт озған сайын шұрық тесікке айналған. Бұл аралықта көлікпен қатынау барып тұрған қиямет қайым еді. Осындай жол азабынан құтқарған аймақ басшысына жергілікті жұрттың айтар алғысы шексіз.   

— Бұл трассамен жүрген мәшинелер жиі бұзылып, дөңгелектері жарылып қалып жататын. Былтыр халықтың өтінішімен облыс басшысы осы жолдың жағдайын көріп, жөндеуге сөз берген. Енді биыл сол уәденің орындалғанын көрдік. Бұрын Ақши мен Аягөз арасында бір сағаттан артық жүрсек, қазір жарты сағатта жетеміз. Уақыт үнемдедік, көлігіміз де бұзыла бермейді. Ауыл адамдары үшін жол жақсы болса басқа не керек дейсіз. Осылайша түкпірдегі жұрттың мәселесіне көңіл бөліп, қамқорлық көрсеткен Елбасымызға, облыстың әкіміне ризамыз, — дейді Ақши ауылының тұрғыны Тұрсынғали Оралбаев.

Также читайте